إرسال رابط إلى التطبيق

KITAPP space


4.6 ( 1856 ratings )
كتاب التعليم
المطور: Qundylyq Group
حر

KITAPP - оқу әдетін жарыс түрінде қалыптастыруға арналған платформа.

Кітап оқу дүниетанымды кеңейтеді, логикалық ойлауды дамытады, есте сақтау қабілетін арттырады.
Күн сайын аз да болса үздіксіз оқудың пайдасы көп. Күніне шамамен 20 бет оқитын болсаңыз, 1 жылда 7300 бет кітап оқуға қол жеткізесіз. Бұл кітаптан алған ақпараттың пайдасынан бөлек мінезіңізде тұрақтылық пен ерік-жігердің қалыптасуы деген сөз. Ендеше кітап оқу дағдысын бірге үйренейік!

Сипаттама:
Бұл қосымша сіздің жас ерешелігіңізге сай таңдалған кітаптар тізімін ұсына отырып,өзіңізді бақылауға алуды үйретеді және кітап оқу дағдысын қалыптастырады.
Аптасына 7 күн үздіксіз оқыған оқырманға 50 балл сыйға беріледі.
Кітапты оқып бітіргенде алған мәліметіңізді пысықтау үшін емтихан тапсыру мүмкіндігіне ие боласыз.
Емтиханнан 50 пайыздан төмен алсаңыз ешқандай ұпай қосылмайды. 50% жоғары алсаңыз, жауабыңызға сәйкес 60, 70, 80, 90, 100 балл қосылады.
Сондай-ақ, кітап оқу дағдысын 8 деңгейге дейін көтере аласыз.

Артықшылықтары:
• Кітап оқу әдетін қалыптастыра аласыз.
• Күнделікті оқылған кітаптың беттерін және оқу прогресіңізді көре аласыз.
• Апталық және айлық еңбегіңіздің нәтижесін бақылай аласыз.
• Өз көрсеткішіңізді өзгелермен салыстыра аласыз.
• Сыныптастарыңызбен қатар, тіркелген мектептер арасындағы деңгейлерді анықтай аласыз.
• Үздіксіз кітап оқу арқылы жоғары деңгейлерге қол жеткізе аласыз.
• Бір кітапты оқып аяқтаған соң, осы кітапқа қатысты тест тапсыра аласыз. Бұл сізге қосымша балл жинауға мүмкіндік береді.
• Басқалардың пікірін көре аласыз және өз ойыңызды қалдыра аласыз.